RU EN KZ

Charity Tour de Burabay
Қайырымдылық веложарысы аясындағы
спорттық-музыкалық фестиваль

2017 жылдың 19 тамызында Щучинск-Бурабай шипажай
аймағында өтетін Charity Tour de Burabay бесінші
мерейтойлық қайырымдылық веложарысына қатысыңыз.
Жиналған қаржының бәрі Петропавл қаласының Облыстық балалар ауруханасына; Талдықорған
қаласының Облыстық перинаталдық орталығына; Орал қаласының Облыстық балалар көпбейінді
ауруханасына; Ақтөбе қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасына; Орал қаласындағы
Батыс Қазақстандық Облыстық ''Бәйтерек'' мүгедек-балалар қоғамдық ұйымына көмек ретінде жұмсалады.
Ұйымдастырушылар:
Веложарыстың басталуына дейін
  • 00

    күн

  • :
  • 00

    сағат

  • :
  • 00

    мин

  • :
  • 00

    сек

Қиыс кетпеңіз! Балалардың сау және белсенді болып өсуіне көмектесейік!

Жоба және оның мақсаттары туралы

Жыл сайын Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қорымен бірге Rixos Borovoe қонақ үйі ұйымдастыратын Charity Tour de Burabay веложарысы бесінші рет өткелі тұр.

Алғашқы веложарыстан бүгінгі күнге дейін 300 миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Бұл сома қайырымдылық ретінде медициналық балалар мекемелері мен перинаталдық және сауықтыру орталықтарын жабдықтауға, сонымен қатар балалар үйлерін көлік, жиһаз бен ойын алаңдарымен қамтамасыз етуге жұмсалды.

Қатысу шарты

Қатысу оңай!

Тіркелу

5 000 тг көлемінде
жарна төлеу
қажет

Өз велосипедіңізді
алып келіңіз немесе
Rixos Borovoe-да алуға болады!

ҚАТЫСУ

Ұйымдастырушылар веложарыс өтетін күні, яғни 2017 жылдың 19 тамызында Rixos Borovoe қонақ үйіне жетіп, қайтатын тегін трансфер қызметін ұсынады. Трансфер кестесін мына сілтеме арқылы өтіп, қарауға болады.

шара бағдарламасы

Шаралардың өту тәртібі

Уақыты
Шара
9:00
Веложарыс қатысушыларын тіркеу
10:00 - 16:00
Қайырымдылық жәрменкесі Rixos Borovoe қонақүйінің балалар мен ересектерге арналған анимациялы-сауықтыру бағдарламасы
лотерея ойыны
Umay, Jayrun, Jooliki Топтарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама
11:00
Веложарыстың басталуы
13:00 - 15:00
Rixos Borovoe қонақ үйі ұсынған сейіл

Балаларға арналған бағдарлама

10:30
Welcome аумағы
аквагримм|мимдер|бойшаң қуыршақтар жүршектер мен жонглерлер|тәтті мақта мен поп корн|твистинг шоуы
12:00
эстафеталар мен аниматорлар өткізетін жарыстар
13:00
Анимациялық бағдарлама:
фиксиктер: симка мен нолик эльза мен ханс/бэтмен мен софия ханшайым майнкрафт/ғарыш рейнджерлері шляпник, алиса мен патшайым
14:00
Трансформерлер шоуы|динозаврлер шоуы Дадо фокуснигі|Азюзя сайқымазағы өрмекші адам|жаттыққан мысықтар аниматорлардан flashмов
16:00
Еркін аймақтар:
мафия ойыны|крокодил ойыны|jenga твистер|activity|angry birds аттракционы flip studio лезде суретке түсіру аумағы|кэнди бар
Веложарыстың барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар ұсынылады!
Сонымен қатар сіз үшін қазақстандық және ресейлік әртістер күні бойы өнер көрсетеді!

Бурабай шипажайы Көкшетау қыратында, 480 метр биіктіктегі Бурабай мен Үлкен Шабақты
көлдерінің арасындағы қарағай орманында орналасқан.

Халық Бурабайды «Қазақстан маржаны» және
«қазақстандық Швейцария» деп атап кеткен.

Бурабай Ұлттық саябағында 14 ірі көл бар,
ол қатарға Бурабай, Щучье, Қатаркөл және басқа да саяз көлдер кіреді.
Бурабайдың бетке ұстар символы – 947 метр биіктікте орналасқан Көкшетау (Синюха) тауы.

ҚАТЫСУ

Веложарыстың әлеуметтік серіктесі

Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры

Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры 2014 жылы құрылды. Бүгінде қордың басты мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау жүйесін дамыту. Қор құрылтайшысы, бизнесмен және қоғамдық қайраткер, Қазақстан Теннис Федерациясының Президенті Болат Өтемұратовтың ойынша, балалар мүддесі қоғамның дамуы бастауында тұру керек. Қор жуырда үш басты қызмет бағытқа аса назар салады: денсаулық сақтау, мәдениет және білім – тұлғаның қалыптасуы мен бала өмірінің сапасына, демек, болашақта қоғамымыздың сәтті дамуына елеулі дәрежеде әсер ететін салалар.

Шара ұйымдастырушысы

Қазақстандағы жалғыз бес жұлдызды шипажай-қонақ үйі.
  • Rixos Borovoe Шучье айдын көлінің жағасында орналасып, Бурабай Ұлттық саябағының қарағай және қайың орманымен қоршалған. Rixos Borovoe ұсынатын демалыс – бес жұлдызды қызмет пен молшылықпен көмкерілген өнер туындысы.
  • Rixos Borovoe конақ үйінің алға қойған мақсаты – қонақтарға айрықша қызмет көрсетіп, молшылық сезімін ұялату.
  • Қонақ үйдің салтанатты атмосферасында үй жайлылығын сезінетіңізге еш күмән жоқ. Ұсынылған кең ауқымды қызметтерімен қатар сан алуын қызығы мен сауығы әр қонаққа шексіз қуаныш сыйлатыны сөзсіз.

borovoe-ru.rixos.com

Байланыс ақпараты:
+7 716 362 0100

Арнайы ұсыныс

Құрметті Қонақ!
V жыл сайынғы Char­ity Tour de Burabay қайырымдылық велошеруіне тіркелу аяқталды.
Сізді, келесі жылы көруге қуанышты боламыз!
Арнайы ұсыныс:
2017 жылдың 18–20 тамыз аралығында
Нөмір түрлері:
Deluxe – 269 000 тг. Junior Suite – 299 000 тг. Presidential Suite – 399 000 тг.
Rixos Borovoe веб-торабына өтіңіз
+7 716 36 20 100
нөмірі бойынша Rixos Borovoe қонақ үйінде орын брондауға болады.
* Веложарысқа қатысу үшін тіркеліп, адам басына 5 000 теңге қайырымдылық жарнасын тапсыру қажет екенін ескертеміз.
** 2017 ж. 19 тамызда қонақ үйге кіру жолы веложарыстың өткізілуіне байланысты 10:00 бастап 14:00 дейін жабық болатынын ескертеміз.